АҚШ-тың Техас штатындағы алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 104 адамға жетті.
Бұл туралы "Эн-Би-Си Ньюз" телеарнасы хабарлаған. Құрбандардың 84-і Керр округінің тұрғындары. Олардың арасында 28 бала бар. "Нью Йорк Таймс" басылымы аймақта аяқ астынан тасқын жүру қаупі әлі де жоғары деп жазды. Билік көз жұмғандар қатары күрт өсуі мүмкін деп ескерткен. Өйткені лай басқан өзендердің жағасы бойынша іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Кейбір сарапшылар Трамп әкімшілігінің жұмыс күшін қысқартқандықтан табиғи апаттарды болжау, олардың алдын алу қиынға соғып жатыр дейді.
Тегтер #АҚШ #Техас #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz