RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

08.07.2025, 12:06 427

Пәкістанның солтүстік-батысында тасқын құрбандарының саны 72 адамға жетті.

Тағы 130-ы жараланған. "Эй-пи" агенттігінің хабарлауынша, бәрінен де Хайбер-Пахтунхва, Шығыс Пенджаб, Синд және Белуджистан провинциялары зардап шекті. Су жолдарды шайып, ғимараттар мен көпірлерді басып қалған. Билік тұрғындарды қауіпсіз жаққа көшіріп жатыр. Айта кетейік, бұл елде жауын-шашын маусымы өткен айда басталған. Жыл сайын қолайсыз күн райынан 240 миллион тұрғын жапа шегеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz