RU
Толық нұсқаға өту

ДДСҰ: 400 млн адамда маусымдық аллергия бар

08.07.2025, 18:40 364

Әлем халқының 20%-тен астамында аллергия бар, деп хабарлайды 24kz.

Бір ғана АҚШ-та 33 миллион америкалықта осындай кесел кездеседі. Еуропада олардың қатары 20 миллионнан асады. Бұл дерттің қоздырғышы не, оның кең таралуына не себеп, емі бар ма?

Аллергиядан бесіктегі баладан, егде жастағы қарттарға дейін зардап шегеді. Бұл аурудың түрі көп. Кең таралғаны маусымдық аллергия. Қазір әлемде 400 миллион адам осы түрімен аурады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары оны ғаламдық эпидемияға айналып барады деп дабыл қаққан болатын. Өйткені жыл сайын көрсеткіш 30 миллионға адамға артады. Мамандардың пікірінше, бұл кеселдің таралуына ғаламдық жылынудың әсері көп. Себебі, аптап ыстықтан өсімдіктер жиі тозаңдананып, оны кей адамдардың ағзасы көтере алмайды. Генетикалық тұрғыдан өзгертілген тағамдар мен химиялық қоспаларда өте зиянды. 

 

Қайың тозаңына қарсы жаңа екпе шығуы мүмкін

Қазір бірқатар ел аллергияға қарсы вакцина ойлап табуға әрекет етуде. Мәселен, Ресей, биыл жыл соңына қарай қайың тозаңына қарсы екпені қолданысқа енгізбек. Былтыр аталған вакцинаның бірінші клиникалық сынағы сәтті өтті. Енді екінші кезеңінде тағы бірнеше тексеріс жүргізілгелі отыр. Екпені алғашқы бір жыл ішінде 5 рет, одан кейінгі жылдарда 2 рет алуға болады.

 

Ауадағы шаң-тозаң мөлшерін ЖИ анықтайды

Францияда ауадағы шаң-тозаңның мөлшерін көрсетіп тұратын арнайы платформа бар. Ол жасанды интеллект арқылы анықталады. «Ақылды» зерде мәліметтерді Коперник жүйесі түсірген суреттер арқылы талдап береді. Шаң-тозаңның мөлшері түрлі түсті 6 деңгеймен есептеледі. Осыған ұқсас жүйе АҚШ, Канада, Аргентина, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктерінде де бар. Арнайы радар ауаға таралған ұсақ шаң-тозаң бөлшектерін анықтап, оның таралуына байланысты анықтама береді. Соған қарап, тұрғындар өзі тұрған жердегі қауіп деңгейін бақылап отыруға мүмкіндігі бар.

Авторы: Фариза Жанғанаева 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz