Өзбекстанда азаматтардың несиелік қарыздары әлеуметтік төлемдер арқылы өтеліп келген.
Бұл өз кезегінде осал топтардың күн көріс деңгейіне қатты әсер етуде. Шоттары бұғатталып, мемлекеттен берілетін жәрдемақы автоматты түрде несие қарыздарын жабуға аударылған. Елдің орталық банкі кредиттік ұйымдардың әрекетін сынға алып, бұған дейінгі қаржылық алымдарды тұрғындарға қайтаруды талап етті. Сондай-ақ кредиттік ұйымдардың ішкі автоматтандыру жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр. Бұл олардың жұмысын толық бақылауға алып, орталықтандыруға мүмкіндік бермек. Орталық банк мәлімдемесінде ескертуге құлақ аспаған несиелік ұйымдар заң алдында жауап береді делінген.
Тегтер #Өзбекстан #несие #ұйым #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz