Нысан су бетінде қалқып жүріп жұмыс істейді, деп хабарлайды 24kz.
Тың жоба алғаш рет Шаньдун провинциясында іске қосылды. Фотоэлектрлі панельдер 66 мың шаршы метр аумаққа орнатылды. Жылына 17 миллион киловатқа дейін энергия өндіруге қауқарлы. Инженерлер құрылыс кезінде инновациялық тәсіл қолданған. Соның арқасында станция жойқын дауылдар мен биіктігі 3,5 метрлік толқындарға төтеп бере алады. Ал теңіз суы панельдерді салқындатып, шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Енді қытайлар жобаны бүкіл жағалауда жүзеге асыруды көздеп отыр.
Тегтер #Қытай #теңіз #күн электр станциясы #инновацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz