Түркітілдес елдердің азаматтары енді тарихи-мәдени нысандарға бір ғана куәлікпен кіре алады. Түркияда Түркі әлеміне ортақ мұражай картасы дайындалады.
Бастама Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының туризмге жауапты министрлерінің Х отырысында талқыланды. Басқосуда сондай-ақ ортақ туристік бағыттар, «Түркі музей картасы» және «Түркі Жібек жолы» сынды жобалар қарастырылды. Тараптар туризм саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, «Анкара декларациясын» қабылдады. Ортақ музей картасын әзірлейтін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жиында Анкара қаласы 2026 жылы Түркі дүниесінің туристік астанасы болып жарияланды.
Мехмет Нури Ерсой, Түркияның Мәдениет және туризм министрі:
- Анкара – тарихи тамыры терең, мәдениеті бай, өнер мен өркениеттің тоғысқан мекені. 2026 жылы бұл шаһар тек Түркияның емес, бүкіл түркі әлемінің туризм астанасына айналады. Біз осы мәртебе арқылы бауырлас елдердің арасындағы мәдени ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруді көздеп отырмыз. Ортақ бастама-жобалармен бірлігімізді бекемдеп, ұрпақ санасына құнды мұрамызды сіңіруге күш саламыз.
Тегтер #Түркі әлемі #Анкара #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz