Еуропада пестицидтердің күрт қымбаттауына байланысты Грекияда шаруалар егістіктерде жасанды химиялық қоспаларды қолдануға көшкен.
Мұндай өнімдер елге заңсыз жолмен әкелінеді әрі тиісті сапа бақылауынан өтпейді. Дегенмен, бағасы қолжетімді. Мәселен қоспаның бір литрі 380 еуро тұрады, бұл шамамен 445 АҚШ долларына тең. Ал қара нарықта бұл өнімді екі есе арзан бағаға сатып алуға болады. Еуроодақ аумағында ауылшаруашылық жерлерінің 14%-да осындай жасанды пестицидтерді қолданады. Сала мамандары жағдайды климат өзгерісімен байланыстырады. Қатты ыстықтан зиянкестер көбейіп жатыр. Ал диқандар өнімдерін қорғау үшін пестицидтерді жиі қолдануға мәжбүр.
Тегтер #Грекия #шаруа #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz