АҚШ Канададан жеткізілетін тауарларға 35 пайыз баж салығын енгізді.
Бұл туралы Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, салық 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ Трамп сауда келісімі жасалмаған өзге елдерге де бірыңғай тариф қолданатынын жеткізді. Канада АҚШ-тың ірі сауда серіктестерінің бірі. Былтыр АҚШ Канададан 413 миллиард доллардың тауарын импорттап, ал Канада АҚШ өнімдерін 349 миллиард долларға сатып алған. Сауда салықтарының артуы екі жақты экономикалық байланыстарға кері әсер етуі мүмкін дейді сарапшылар.
Тегтер #АҚШ #канал #баж салығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz