Израиль Газадағы соғысты тоқтату бойынша ХАМАС-пен келіссөз жүргізуге дайын, деп хабарлайды 24kz.
Бірақ бұл үшін палестиналық анклав толық қарусыздануы керек. Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Ол мұны Вашингтонда жүріп жолдаған бейнежазбасында айтқан. Дохада қазір АҚШ, Қатар мен Мысырдың араағайындығымен тікелей емес келіссөздер жүріп жатыр. Тараптар Дональд Трамп ұсынған жоспарды талқылау үстінде. Оның шарты бойынша оқ ату 60 күнге тоқтау қажет.
Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
- Біз барлық тұтқынды қайтарып, оның орнына оқ атуды 60 күнге тоқтатуды ұсынып отырмыз. Жағдайды біржола реттеу бойынша келіссөздерді бастауға дайынбыз. Бірақ бұл үшін ХАМАС мынадай кішігірім талаптарды орындауы керек. Газадан әскери құрылымдардан арылту қажет. ХАМАС қаруын тастап, берілсін және үкіметтік-әскери істерден бас тартсын. Олар 60 күнде осы талаптарды орындамаса, біз басқаша әрекет етеміз.
Тегтер #Биньямин Нетаньяху #Израиль #Газа секторы #Келіссөз #ХАМАСPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz