Еуроодақ тұрғындарының саны 450 миллионға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Сарапшылар мұны рекордтық көрсеткіш дейді. 2023 жылмен салыстырғанда адам саны 1 миллионға көп. Оған мигранттардың толассыз қоныс аударуы себеп болып отыр. «Еуростаттың» деректеріне сүйенсек, жоғары көрсеткіштер Германия, Франция және Италияда байқалады. «Дегенмен, бұл демографияға кері әсерін тигізуі мүмкін», - дейді сарапшылар. Өйткені бала туу көрсеткіші төмен және халықтың басым бөлігі қарттар. Бұл әлеуметтік жүйелерге салмақ түсіріп, кадр тапшылығына әкеледі.
Тегтер #Еуропа #халық саны #рекорд #демография #миграцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz