RU
Толық нұсқаға өту

Испаниядағы тасқыннан екі адам жоғалып кетті

13.07.2025, 15:15 445

Испанияның солтүстік-шығысында нөсерлетіп құйған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.

Су бірнеше қаланың көшесін, ауруханалар мен жолдарды шайып, автокөліктерді ағызып әкеткен. Каталонияда 2 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Барселона мен қала маңында қатынайтын пойыздар тоқтап қалған. Вокзалдар жолаушылағы лық толы. Каталония мен Арагон аймақтарында қауіп-қатердің «қызыл» деңгейі жарияланды. Табиғи апат салдарымен күреске әскер тартылған. Билік тұрғындарды барынша абай болуға шақырды. Синоптиктер: «Жағдай әзір оңалмайды, елдің солтүстік-батысын күшті жауын-шашын күтіп тұр», - деп ескерткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz