Газа секторында Израиль шабуылдарынан 110 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
34 палестиналық Рафах қаласында гуманитарлық көмек тарататын орталық маңында жәрдем күтіп тұрған. Негізі бұл нысан Израиль сарбаздарының бақылауында. Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша дәл осы жерде мамыр айынан бері 800-ден астам адам ажал құшып, 5 мыңға жуығы жараланған. Израиль әскері: «Біз бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып жатқан жоқпыз, бірақ қауіпсіздік талабын бұзған жағдайда қару қолдандық, ХАМАС құрбандар санын әдейі өсіріп таратып отыр», - деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Израиль Газа секторында құрлық операциясын жүргізіп жатыр.
Мақсаты – ХАМАС қозғалысын жою және тұтқындары босату. Жалпы Израиль-ХАМАС қақтығыс басталғалы 58 мыңға жуық палестиналық көз жұмды.
Тегтер #Газа секторы #Израиль #шабуыл #әскери операция #құрбандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz