Бангладештің оңтүстігінде толассыз жаңбыр тасқынға ұласып, 112 мекенді су басты.
Фени округінде ағын бөгеттерді бұзып, жолдарды шайып кетті. Көп ауданда электр желілері істен шығып, байланыс үзілген. Мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр. Жергілікті билік шұғыл құтқару жұмыстарын бастап, қауіпті аймақтардан тұрғындарды эвакуациялап жатыр.
Абдур Рахим, жергілікті тұрғын:
- Тасыған судың деңгейі кеудеге дейін жетті. Бар мүлкіміз суға кетті. Үйімізге оралу үшін әлі бір аптадай уақыт керек. Былтырғы тасқындардан енді енді оңала бастағандай едік. Мына апат тіпті ауыр соқты.
Тегтер #Бангладеш #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz