RU
Толық нұсқаға өту

Аризона штатында орман өртінен 500 адам эвакуацияланды

14.07.2025, 21:32 356

АҚШ-тағы Үлкен Шатқал ұлттық саябағында өрттің беті қайтар емес, деп хабарлайды 24kz.

Қызыл жалын 18 мың гектар жерді жойып жіберген. 80-нен астам үй жарамсыз қалды. Тілсіз жаумен күреске құрғақ ауа райы мен екпіні сағатына 65 шақырымға жететін дүлей жел кедергі келтіріп тұр. Қазір құтқару бригадасы 500-ге жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Әзірге зардап шеккендер мен опат болғандар туралы ақпарат жоқ. Мамандар: «Өрттің шығуына орманға найзағайдың түсуі себеп болуы мүмкін», - деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz