Пәкістанда тасқын құрбандарының саны артып барады. Кейінгі 2 аптада табиғат апатынан 104 адам опат болды. Олардың дені бала. Тағы 200-ге жуық тұрғын зардап шеккен. Әсіресе елдің солтүстік-шығысында Пенджаб пен солтүстік-батысындағы Хайбер-Пантунхва провинциясында құрбандар қатары көп тіркелді.
Жергілікті табиғат апатымен күрес басқармасы келтірген мәліметке қарағанда 26 маусымнан бері 400-ден астам үй бүлінген. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Синоптиктер апта соңында тағы қолайсыз күн райы болады деген болжам жасады. Мұның соңы тасқынға ұласуы мүмкін. Билік құтқару бригадасына дайындықты күшейтіп, туристерге елден кетуге кеңес берді.
Тегтер #Пәкістан #су тасқыны #тасқын құрбандары #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz