Ақ үй басшысы Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскелі кәмелет жасына толмаған 53 мыңнан астам баланы елден шығарды. Сөйтіп, АҚШ кейінгі 35 жылда жеткіншектерді депортациялау бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Бұл туралы Independent басылымы хабарлады. Олардың айтуынша, қудаланғандардың көбі – АҚШ-та заңды өкілі немесе қамқоршысы жоқ жеткіншектер. Америкада жүрген мұндай балалардың нақты саны белгісіз. Өйткені жергілікті көші-қон басқармасы бұл санаттағыларды бірнеше жыл бұрын есептеуден бас тартқан. Washington Post басылымы келтірген мәліметке қарағанда Трамп әкімшілігі жыл соңына дейін АҚШ-тан 1 млн-ға жуық мигрантты шығаруды жоспарлап отыр.
Тегтер #Дональд Трамп #балалар #депортация #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz