RU
Толық нұсқаға өту

Сот Трампқа Білім министрлігін таратуға рұқсат берді

15.07.2025, 15:20 449

АҚШ-тың Жоғарғы соты Дональд Трампқа Білім министрлігін таратуға рұқсат берді. Ақ үй басшысы бұл жарлыққа наурызда қол қойған. Ол: «Білім беру мәселелері штаттар деңгейінде шешілуі керек», – дейді. Бұл оның сайлауалды бағдарламасының бір тармағы болатын. Трамп америкалық оқушылардың халықаралық тестілердегі математика мен оқу бойынша төмен нәтижесін уәж ретінде келтірген. Мамырда аталған шешімді Массачусетс соты тоқтатып қойды.

АҚШ-тың Білім министрлігі 1979 жылы құрылған. Мекемені толық жабу үшін Конгрестің қолдауы қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz