RU
Толық нұсқаға өту

Су саласы мамандықтары үшін грант көбейді

15.07.2025, 18:00 407

Елде су саласы мамандарын даярлауға арналған білім гранттары 70 пайызға артты.

Жаңа оқу жылында мыңнан астам студент тегін оқу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. Дәл осындай кадрларды оқытатын университеттер қатары да көбейеді. Оралдағы аграрлық-техникалық университетте "Гидромелиорация" мамандығы бойынша алғаш рет құжат қабылданады. Өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан жастардың саны да артып отыр. Бұл өз кезегінде саланы білікті кадрлармен қамтуға ықпал етеді, делінген ведомство хабарламасында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz