Техаста тасқын құрбандарының саны 132-ге жетті.
Тағы 100-ден астам тұрғын із-түзсіз кеткен. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып Эй-Би-Си Ньюз (( ABC News)) телеарнасы хабарлады. Табиғат апатынан әсіресе Керр округі қатты зардап шеккен. Іздеу-құтқару жұмыстары мен тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру жалғасып жатыр. Кей жерлерде табиғи апат кезінде бүлінген инфрақұрылым қалыпқа келтірілуде. Еске салайын, осы айдың басында АҚШ-тың Техас штатында жаңбыр селдетіп, оның соңы тасқынға ұласқан еді. Жауын-шашынның мол түсуінен, Гуа-далупе өзеніндегі су 8 метрге дейін көтеріліп, жойқын тасқын жүрді.
Тегтер #Техас #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz