АҚШ 150 елдің тауарларына 10-15 пайыз салық енгізгелі отыр. Бұлар – экономикасы аса ірі емес мемлекеттер. Бұл туралы президент Дональд Трамп жергілікті телеарнаға берген сұхбатында айтты.
Сондай-ақ ол Вашингтон Үндістан және ЕуроОдақпен сауда келіссөзіне келуге жақын қалды деп мәлімдеді. АҚШ 1 тамыздан бастап ЕуроОдақ елдеріне қосымша 30 пайыздық тариф енгізетінін жариялаған болатын. "Кәрі құрлық" мәселені осы уақытқа дейін келіссөз арқылы шеше алмай қарымта қайтарса, тағы үстеме 30 пайыз салық салынбақ.
Тегтер #Трамп #салық #тауарлар #Келіссөз #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz