RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістанда тасқын құрбандарының саны артты

18.07.2025, 09:50 458

Пәкістанның солтүстік-батысындағы алапат тасқыннан кейінгі 1 тәулік ішінде 54 адам опат болды. Тағы 300-ге жуық тұрғын жарақат алды.

Жалпы кейінгі 3 апта ішінде, тасқын құрбандарының саны 178-ге жетті. Олардың дені - бала.  Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауы бойынша, табиғи апаттан 5 провинция қатты зардап шеккен. Әсіресе Исламабад пен Пенджаб қалаларындағы жағдай қиын. Көшелерді су басып, 250-ге жуық үй бүлінген. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жалғасып жатыр. Оларды орналыстыру үшін 25 уақытша паналау орны ашылды. Пәкістанда, әдетте жаңбырлы мезгіл, маусымда басталып, қыркүйекке дейін жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz