RU
Толық нұсқаға өту

Индонезияда бала сатумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды

19.07.2025, 11:00 440

Индонезияда бала саудасымен айналысатын халықаралық желі әшкереленді.

Қылмысқа қатысы бар 13 адам ұсталды. Тергеу мәліметіне сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топ екі жылдан бері шамамен 25 баланы сатып жіберген. Балалар үйі мен жеке клиникалардың атын жамылып, оларды 16 миллион рупийге саудалаған. Жалған құжат рәсімдеп, кейін шетелге шығарған. Қазір 6 бала құтқарылды. Құзырлы орган келтірген мәліметке қарағанда, кей балалар дүниеге келмей тұрып сатылған. Көбінесе ата-аналар қаржылық жағдайына байланысты осындай келісімге баратын көрінеді. Полиция баланы сатып алған адамдарды іздестіріп, халықаралық ұйымдардан көмек сұрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz