АҚШ-тан 250-ден астам венесуэлалық мигрант отанына оралды.
Бұған дейін олардың барлығы қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеген. Қайтару шарасы екі ел арасындағы тұтқындар алмасу келісімі аясында жүзеге асырылды. Нәтижесінде Венесуэла 10 америкалықты босатты. Сыртқы істер министрлігі осы айдың басынан бері АҚШ-тан 5 мыңнан астам заңсыз мигрант депортацияланғанын хабарлады. Дональд Трамп әкімшілігі көптеген венесуэлалықтың қылмыстық топтарға қатысы бар деп айыптаған. Еске сала кетейік, Ақ үй басшысы қатаң миграциялық шараларды инаугурациядан кейін бірден қолға алған.
Тегтер #Венесуэла #мигрант #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz