RU
Толық нұсқаға өту

Газада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалды

21.07.2025, 07:10 393

Израиль шабуылы салдарынан Газа секторында 67 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Бұл туралы Газаның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ресми дерекке қарағанда, құрбандардың дені Газаның солтүстігінен гуманитарлық көмек алуға барғандар. Олар анклавқа кіретін жүк көліктерін күтіп, азық-түлік алып қайтар жолда шабуылға тап болған. Бұған қатысты Израиль ресми мәлімдеме берген жоқ. Осыған дейін еврей әскері Газа тұрғындарына эвакуация туралы хабар таратқан. Қазір Газа секторының оңтүстігіндегі бірнеше аудандарда халық тұрғылықты жерінен көшіп жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz