Оңтүстік Кореяда жауын-шашын бір айдан бері толастар емес. Елдің батыс және солтүстік-батыс өңірін су басты. Тасқын салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 12 адам із-түссіз жоғалған.
Қауіпке байланысты, елде төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апат аймақтарынан 13 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жолдарды су шайып, көлік қозғалысы тоқтады. Бірқатар нысанның қабырғасы сөгіліп, электр сымдары үзілді.
Тегтер #Оңтүстік Корея #тасқын #қаза тапты #жауын шашын #төтенше жағдайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz