«Вифа» тайфуны Филиппинге соқты. Елдің оңтүстік-батысында өзендер тасып, арты тасқынға ұласты. Табиғи апат салдарынан 5 адам опат болды, 800 мыңдай адам зардап шекті.
Тағы 7 адам із-түссіз жоғалды. Бірқатар аймақта жауын-шашын толассыз жауып тұр. Қазір өзендердегі су деңгейі 15 метрге дейін көтерілді. Жүздеген жол мен көпірге зақым келіп, мыңдаған үй қирап қалды. Осыған байланысты елде су тасқыны туралы ескерту жарияланды. 115 қалада электр қуаты уақытша ажыратылды. Филиппин Тынық мұхитындағы тайфун белдеуінің батыс бөлігінде орналасқандықтан жыл сайын орта есеппен 20 тайфун мен тропикалық дауыл соғады.
Тегтер #Филиппин #тайфун #зардап шеккендер #табиғи апатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz