Бангладеш астанасы Дакка қаласында әскери ұшақ апатқа ұшырады.
Әуе көлігі Уттара ауданындағы Milestone мектебінің аумағына құлады. Апат салдарынан 19 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам ауыр жарақат алған. Жараланғандардың арасында студенттер бар. Ұшақ құлаған жерде өрт шығып, қою түтін қаланың өзге аумақтарынан да байқалған. Оқиға орнына 8 өрт сөндіру жасағы мен әскерилер тартылды. Қазіргі уақытта қаза тапқан адамның жеке бас деректері нақтылануда.
Масуд Тарик, Milestone мектебінің мұғалімі:
- Балаларды ертіп, мектеп қақпасына таяған кезде артымнан бірдеңе жақындап келе жатқандай сезіндім. Артынша қатты жарылыс дауысын естідім. Бұрылып қарағанда қалың түтіннен басқа ештеңе анық көрінбеді. Апат болған сәтте мектеп аумағында көптеген оқушы мен күзетші болды.
Тегтер #Бангладеш #әскери #ұшақ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz