RU
Толық нұсқаға өту

«ХАМАС» қаржылық дағдарысқа ұшырады

22.07.2025, 07:27 385

Палестиналық ХАМАС қозғалысы кейінгі 40 жылдағы ең ауыр қаржылық дағдарысты бастан кешіп жатыр.

Washington Post мәліметінше, ұйым қызметкерлердің еңбекақысын төлеуді уақытша доғарды. Қаза тапқан жауынгерлердің отбасына берілетін жәрдемақылар да тоқтатылған. Қазір қозғалыс ерікті түрде жұмыс істеуге келіскен тұрғындарға арқа сүйеуге мәжбүр. Израиль әскерінің хабарлауынша, ХАМАС қозғалысы осыған дейін Газаға жеткізілген гуманитарлық көмекті заңсыз нарықта сатып, табыс көзіне айналдырған. Алайда бұл механизм наурыз айынан бері тоқтатылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz