Иран уран байытуды уақытша тоқтатты. Бірақ бұл ресми Тегеранның уран байыту жұмыстарынан толық бас тартуын білдірмейді.
Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Fox News телеарнасына берген сұхбатында осылай деп жауап берді. Министрдің айтуына қарағанда, қазір Ирандағы Атом энергиясы ұйымы ядролық нысандарға келген залалдың ауқымын және байытылған уран қорының жағдайын бақылап, шығын мөлшерін есептеп жатыр. АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған шабуылынан кейін біраз нысан қираған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #уранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz