Сицилияда күн температурасы +48 градусқа дейін көтерілді.
Сардиния мен Апулия өңірлерінде де аптап ыстық орнады. Синоптиктердің болжауынша, алдағы апта Италияда жаз маусымының ең ыстық кезеңі болуы ықтимал. Мамандар мұны Солтүстік Африкадан жеткен антициклонмен байланыстырады. Жергілікті билік орман өрті қаупі артқанын айтып, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz