NASA қызметкерлері Дональд Трамптың бюджетті қысқарту туралы шешіміне наразы.
Компанияның 300-ге тарта қызметкері мен ғарышкерлер Трамп әкімшілігіне хат жолдады. Ақ Үй басшысы «Вояджер декларациясы» деп аталатын құжатты осы айдың басында NASA-ның уақытша әкімшісі болып тағайындалған Көлік министрі Шон Даффиге жолдаған болатын. Онда, кейінгі 6 айдағы NASA атқарған жұмыстардың дені «асығыс қабылданған шешім» және «ысырапшылдыққа жол беру» деп көрсетілген. Дональд Трамп ғылыми миссиялар үлкен қауіп алдында тұр деп есептейді. Мұны ғарыш агенттігінің қызметкерлері негізсіз деп отыр. The New York Times мәліметіне қарағанда, хатқа қол қойғандар арасында NASA-ның қазіргі және бұрынғы 287 қызметкері, Нобель сыйлығының лауреаттары мен танымал ғалымдар бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Трамп #бюджет #АҚШ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz