RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда демографиялық реформа жасалды

22.07.2025, 17:30 393

Түркия үкіметі бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне байланысты мемлекеттік қызметкерлерге жартылай жұмыс істеу құқығын беретін жаңа ереже енгізді. Оған себеп биыл елдегі туу коэффициенті айтарлықтай төмендеп, есесіне халықтың қартаю процесі артқан. Ал жаңа реформа ата-аналарға бала тәрбиесіне көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беріп, жұмыс пен отбасын үйлестіруге жағдай жасамақ. Билік бұл шараны халық санын тұрақтандыру мен әлеуметтік қолдаудың бір бөлігі ретінде қарастырып отыр.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Аптасына 20 сағаттық жұмыс негізіндегі бұл жаңа ереже ата-аналардың бала тәрбиесіне көбірек уақыт бөлуіне және отбасылық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Бүгін кешке жарияланатын жаңа тәртіпке сәйкес мемлекеттік қызметкерлер сәби дүниеге келген сәттен бастап мектепке барғанға дейін жартылай жұмыс істей алады.

Соңғы жылдары Түркияда бір немесе екі баламен шектелу үйреншікті жағдайға айналған. Жастар арасында бала сүюге деген құлшыныстың азайғаны байқалады. Бұған еуропалық өмір салты мен экономикалық қиындықтар себеп. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлерге 16 апталық декреттік демалыс беріледі. Ал алғашқы балаға мемлекеттен берілетін бір реттік төлем – небәрі 300 лира, яғни шамамен 3600 теңге. Түркия халқының саны 86 миллионнан асқанымен, егде жастағы тұрғындардың үлесі 11%-тен жоғары. Дегенмен қоғамда жаңа заңды қолдаушылар да және оған қарсылар да бар.

Айлин Назлыака, Республикалық халықтық партия төрағасының орынбасары:

- Жаңа ереже жартылай жұмыс істеу мүмкіндігі «ана мен әке үшін теңдей» деп көрсетеді. Алайда бәріміз жақсы білеміз: Түркияда бала тәрбиесі көбіне анаға жүктелетін міндет ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл мүмкіндікті көбіне әйелдер пайдаланады. Бұл өз кезегінде әйелдердің экономикалық тәуелсіздігіне, қоғамдық өмірге қатысуына және кәсіби дамуына кері әсер етуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz