RU
Толық нұсқаға өту

Акропольге кіруге уақытша шектеу қойылды

23.07.2025, 07:35 355

Грекияда аптап ыстық орнады. Афина қаласында температура +43 градусқа дейін көтерілді.

Қауіпсіздік мақсатында ашық аспан астында еңбек ететіндерге жұмыс істеуге тыйым салынды. Олардың қатарында құрылысшылар мен жедел жеткізушілер бар. Денсаулығына байланысты қиындықтары бар қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеуге рұқсат етілді. Синоптиктердің мәліметі бойынша, аптап алдағы демалыс күндеріне дейін жалғасады. Акропольге кіруге уақытша шектеу енгізілді. Енді туристер тарихи нысанды тек күн салқындаған кезде тамашалай алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz