Газа секторында кейінгі 2 айда 1100 палестиналық қаза тапты. Құрбандардың көбі гуманитарлық көмек тарату орталықтарында мерт болды. Бұл туралы «Ассошиейтед Пресс» агенттігі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Мамыр айына дейін БҰҰ мен оның серіктестері Газадағы халыққа азық-түлікті 400-ден астам жерде таратып келді. Кейін бұл жұмысты Израиль мен АҚШ құрған гуманитарлық ұйым қолына алып, азық-түлік тек 3-4 жерде үлестіріле бастады. Бұл 2 млн халыққа ыңғайсыздық туғызды. Салдарынан күн сайын ондаған адам ұзын-сонар кезек кезінде өліп кетіп жатыр. Сондай-ақ еврей әскері осы орталықтарды жиі шабуылдайтын болған.
Тегтер #БҰҰ #Газа секторы #гуманитарлық көмек #қаза таптыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz