АҚШ пен Жапония жаңа сауда келісіміне қол қойды. Ақ үй басшысы Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды. Трамп бұл мәлімдемені Ақ үйде Жапонияның бас тарифтік келіссөздер жүргізушісі Рёсэй Аказавамен кездесуден кейін жасады.
Оның айтуынша, келісім аясында Жапониядан АҚШ-қа импортталатын тауарларға 15% көлемінде кедендік баж салығы енгізіледі. Күншығыс елі АҚШ экономикасына 550 миллиард доллар инвестиция салады. Америкалық ауылшаруашылық өнімдері мен көлік секторы үшін Жапония нарығына жол ашылады. Ақ үй мен Жапония Сыртқы істер министрлігі келісімге қатысты әлі ресми пікір білдірген жоқ.
Тегтер #АҚШ #Жапония #сауда келісімі #тауарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz