RU
Толық нұсқаға өту

Вьетнамда дауыл күшейіп, қозғалыс тоқтады

23.07.2025, 13:50 430

Вьетнамда алапат дауыл соғып, артынша жаңбыр құйды. Салдарынан 4 адам зардап шекті. Табиғат апатынан әсіресе, солтүстік және орталық аймақтар қатты жапа шекті. Желдің екпіні сағатына 102 шақырымға жетіп, ондаған әуе рейсі кейінге шегерілді.

Темір жол мен көлік қозғалысы шектелген. Қоғамдық орындар мен мекемелер уақытша жұмысын тоқтатты. Синоптиктер қолайсыз ауа райы бірнеше күн созылып, соңы тасқынға ұласуы мүмкін деген болжам жасады. Қауіптің алдын алу үшін дайындық күшейтіліп, оған 350 мыңнан астам маман тартылған. Сондай-ақ елдің солтүстігінде демалып жатқан туристерге теңіз жағасына шығуға тыйым салды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі келтірген мәліметке қарағанда, қазір онда 8 мыңнан астам отандасымыз демалып жүр.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz