Әзербайжанның батысынан ежелгі жауынгердің мүрдесі табылды.
Ғалымдардың айтуынша, ол 4 мың жыл бұрын жерленген. Бір айта кетерлігі, батырдың бойы 2 метрден асады. Археологтар оны жоғары шенді жауынгер деп болжайды. Бұған себеп оның қолында сирек кездесетін төрт қырлы найзасы болған. Мұндай жәдігер елде алғаш рет ұшырасып отыр. Ол жерден сонымен қатар қоладан құйылған қару-жарақ, керамика және әшекей бұйымдар да табылған.
Тегтер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz