RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстанда қарыз банк картасынан шешілуі мүмкін

24.07.2025, 11:57 445

Өзбекстанда коммуналдық қарыз енді тұрғындардың банк карталарынан шешілуі мүмкін.

Құжат борыштарын жылдап төлемейтін азаматтардың санын азайтып, басқарушы компаниялардың қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейді. Бас прокуратура өкілінің айтуынша, мұндай тәжірибе көптеген салада нәтижесін берді. Мәселен, биылғы 6 айда 1,4 млн борышкердің картасынан қаржы шешіліп, қалалық, аудандық бюджеттің кірісін толтырған. Аталған заң жобасы Олий мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. Алайда кейбір депутаттар коммуналдық шаруашылыққа қатысты толықтыруға алаңдаушылық білдірді. Бұл әлемуметтік аз қамтылған отбасылардың күнкөріс деңгейіне тікелей әсер ететінін ескертті. 

Дилбархон Мамаджанова, Өзбекстанның Олий мәжіліс депутаты:  

-Бізде коммуналдық шаруашылықтардың қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Тұрғындармен кездесулерде мұны естіп те, көріп те жүрміз. Бір сөзбен айтқанда, олар дұрыс жұмыс істемейді. Басқарушы компаниялардың борышкерлерді еш ескертусіз сотқа беру фактілері де аз емес. Сондықтан заңның шикі тұстарын ескеру керек. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz