Ресейде «Ангара» әуе компаниясының АН-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, борт ішіндегі 49 адам түгел көз жұмды.
Әуе кемесі Хабаровск-Благовещенск-Тында бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, онымен байланыс Тында аймағындағы әуежайдан бірнеше шақырым жерде үзілген. Ми-8 тікұшағы әуе көлігін іздестіру кезінде ұшақтың жанып жатқан корпусын көрген. Оқиға орнына құтқарушылар жөнелтілді. Амур облысы бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр. Ұшақтың радардан шығып кетуіне адами фактор себеп болуы мүмкін.
Игорь Смирнов, ТЖМ Амур облысы бойынша басқарма бастығы:
-24 шілде күні Ресейдің Төтенше жағдай басқармасына Тында қаласынан бірнеше шақырым жерде Ан-24 жолаушылар ұшағының экраннан жоғалып кетіп, байланыс үзілгені туралы ақпарат келіп түсті. Шамамен борт ішінде 48 адам болған. Қазір оқиға орнына іздеу-құтқару бригадасы, аэромобильді топ жөнелтілді.
Тегтер #Ресей #ұшақ апаты #жолаушы #көз жұмғандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz