RU
Толық нұсқаға өту

Таиланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыс болды

24.07.2025, 17:20 424

Таиландта Камбоджа күштерінің соққыларынан 11 адам қаза тапты. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бомбаның бірі Сурин провинциясында шекара маңындағы үйдің біріне барып түскен. Ахуалдың шиеленісуінен өңірден 40 мың тұрғын эвакуацияланды.

Ахуалға байланысты Камбоджа премьер-министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады. Еске сала кетейік, екі ел арасындағы шиеленіске шілденің 23-і күнгі оқиға себеп. Ол кезде шекара маңын күзеткен тай сарбаздары минаға жарылып, 5 жауынгер жараланған еді. Бүгін таңертең екі елдің әуе күштері бір бірінің аумағын атқылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz