RU
Толық нұсқаға өту

Филиппинде дауылдан 12 адам опат болды

24.07.2025, 23:00 379

Филиппиннің оңтүстік-батысында «Випха» тайфунынан 12 адам опат болды. Тағы 8 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Аймақта қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.

Табиғи апаттан 1,5 миллионнан аса адам зардап шекті. Дүлей желден көп ауданның инфрақұрылымына зор нұқсан келді. Мыңдаған үй бүлініп, жүздеген жол мен көпірді су шайып кетті. Ауыл шаруашылығына да зор залал келтірді. Мәліметке қарағанда, салаға 6,5 миллион доллар шығын келген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz