RU
Толық нұсқаға өту

Таиланд – Камбоджа қақтығысы: 14 адам қаза тапты

25.07.2025, 09:02 395

Таиланд пен Камбоджа шекарасындағы қарулы қақтығыстан 14 адам қаза тапты.

Құрбандардың біреуі – тай сарбазы. Қалғаны – бейбіт тұрғын. Тағы ондаған адам жарақат алған. Әскери қимылдар бірнеше апта бұрын шекара дауының ушығуынан басталды. Тай үкіметі елдің шетінде орналасқан барлық бекеттерді жауып тастады. Туристерге бұл аймақтарға баруға тыйым салды. Таиланд бұған алғаш оқ атты деп Камбоджа әскерін айыптап отыр. Камбоджа билігі болса мұны Таиландтың шекара тұтастығын бұзу әрекеті дейді. Қақтығыс халықаралық алаңдаушылық тудырды. Қытай мен Малайзия тараптарды сабыр сақтап, келісімге келуге шақырып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz