RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ деректерді өңдеу орталығының құрылысын қолға алды

25.07.2025, 11:11 378

Дональд Трамп жасанды интеллект саласында АҚШ-ты әлемдегі ең озық ел қатарына қосатын жоспар ұсынды.

Жаңа құжат деректерді өңдеу орталығының құрылысын жылдам бастауға мүмкіндік береді. Мұнан бөлек Ақ үй басшысы тағы бірнеше жарлыққа қол қойды. Онда америкалық жасанды интеллект шешімдерін одақтас елдерге экспорттауды кеңейту қарастырылған. Алайда Трамп бұл бастамаларды жүзеге асыру барысында Илон Маск компаниясымен ынтымақтасуды жоспарлап отырған жоқ. Өткен айдың басында Трамп пен Маск салық жеңілдіктері бойынша заң жобасына келіспей қалған еді. Өйткені Маск бағдарламаны АҚШ бюджетіндегі тапшылықты арттырады деп сынға алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz