RU
Толық нұсқаға өту

Израиль мен АҚШ ХАМАС-пен келіссөзді тоқтатты

25.07.2025, 11:00 506

АҚШ пен Израиль Дохада ХАМАС-пен жүргізген бітім келіссөзін тоқтатты. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлады.

Олардың айтуынша, тараптар палестиналық тұтқындарды айырбастау мен Израиль әскерін Газа секторынан шығару шарттары бойынша келісе алмаған. 6 шілдеде басталған келіссөздер екі аптаға созылды, алайда нәтижесіз аяқталды. Осыған байланысты АҚШ пен Израиль өз делегациясын Қатардан қайтарып алды. Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұған дейін келіссөздер сәтсіз аяқталса, ЦАХАЛ Газадағы әскери операцияны кеңейтетінін ескерткен еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz