RU
Толық нұсқаға өту

Филиппинде дауылдан 25 адам опат болды

25.07.2025, 15:08 496

Филиппинде «Ко-Мэй» дауылы соғып, 25 адам опат болды.

Тағы 8 кісі із-түзсіз жоғалып кетті. 280 мың тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге көшкен. Сағатына 165 шақырым жылдамдықпен соққан жел үйлердің шатырларын ұшырып, талдар мен электр бағаналарын құлатты. 3 мыңға жуық ғимарат зақымданған. Дүйлей желмен бірге селдеткен жауыннан Лусон аймағын су басып жатыр. Табиғат апатына байланысты 77 қалада төтенше жағдай жарияланды. Қазір аймақта іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz