RU
Толық нұсқаға өту

Starlink желісі 2,5 сағат жұмыс істемей қалды

25.07.2025, 17:30 379

Starlink жерсерігі желісінде ақау тіркеліп, әлемде 61 мыңға жуық пайдаланушы байланыссыз қалды.

Іркіліс шамамен 2,5 сағатқа созылды. Ақау желі жұмысын басқаратын ішкі бағдарламалық жүйелердің істен шығуынан туған. Компания қожайыны Илон Масктің мәлімдеуінше, қазір мәселе толығымен шешілген. Starlink - бұл СпейсИкс компаниясының ғаламдық жерсеріктік ғаламтор жүйесі. Оның басты мақсаты - әлемнің кез келген аймағын қолжетімді жылдам интернетпен қамтамасыз ету. Жоба бойынша қазірге дейін орбитаға 9 мыңнан аса жерсерігі жеткізілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz