RU
Толық нұсқаға өту

Иранда сот ғимаратына жасалған шабуылдан бес адам қаза тапты

26.07.2025, 18:30 488

Иранда сот ғимаратына шабуыл жасалып, 5 адам қаза тапты.

Тағы 13 адам ауыр жараланды. Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинциясында болды. Бұл өңір Пәкістанмен шекараға жақын орналасқан. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда, белгісіз үш адам мекемеге баса-көктеп кіріп, граната лақтырып, күзетшілерге оқ жаудырған. Шабуыл бірнеше сағатқа созылған. Күдіктілер түгел ұсталды. Оқыс оқиғаға жауапкершілікті "Джейш аль-Адль" тобы өз мойнына алып отыр. Бұл ұйым Иранда лаңкестік танылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz