RU
Толық нұсқаға өту

Ұлыбритания Газа секторына көмек жібереді

27.07.2025, 07:40 399

Ұлыбритания Газа секторына әуе арқылы көмек жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Кир Стармер мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, қазір азық-түлікті жіберу үшін ауқымды дайындық жүріп жатыр. Бұл операцияны орындауға Иордания мен Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі жәрдемдеспек. Осыған дейін Израиль билігі басқа елдерге азық-түлікті парашютпен тастауға рұқсат берген болатын. Өйткені жүк көліктерімен жеткізілген заттардың бәрі талан-таражға түсіп, қолды болған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz