RU
Толық нұсқаға өту

Албанияда орман өрті қаулап жатыр

28.07.2025, 10:15 497

Албанияда орман өрті күшейіп, елді мекендерге қауіп төндірді. Қазір ел аумағында 26 өрт ошағы тіркелген. Жағдай ушыққан соң, билік екі мыңға жуық адамды эвакуациялады.

Әсіресе Дельвина қаласында жағдай қиын. Шаһарда қызыл жалын 10 тұрғын үй мен шіркеуді толығымен жойып жіберді. Бірнеше адам қою түтіннен уланып қалды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты Албания Еуроодақ елдерінен көмек сұрады. Италия екі өрт сөндіру ұшағын жөнелтті. Жергілікті билік отпен күреске әскерилерді де жұмылдырды. Алайда аптап пен күшті жел өртті тежеуге бөгет болып тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz