RU
Толық нұсқаға өту

Газада күн сайын 350 бала ауруханаға түседі

28.07.2025, 10:40 363

Газа секторында аштықтан күн сайын 350-ден астам бала ауруханаға түседі. ЮНИСЕФ таратқан мәлімет бойынша, маусым айының басынан бері 11 мыңнан астам бала медициналық көмекке жүгінген.

Оның 80-і қайтыс болды. Гуманитарлық ұйымдар бұл жағдайға Израильді айыптап отыр. Тел-Авив енді ғана Газа секторының кей аймақтарында әскери қақтығыстарды уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шешім гуманитарлық көмек жеткізу ісін жеңілдетуге тиіс. БҰҰ өкілдері азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу көлемін арттыруға мүмкіндік болады деп үміттеніп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz